Атырау, 25 қыркүйек 10:25
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

1 трлн теңгеге жуық актив мемлекетке қайтарылды

812 просмотра
Көрнекі сурет

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.

Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық актив қайтарылды

Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, соның ішінде шетелде 131 объект анықталды

Жалпы құны 448 млрд теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексерілуде.

«Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану», — деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-Министр талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді. 

Комиссия жұмысы жалғасуда.

26 қаңтар, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.