Атырау, 25 қыркүйек 10:24
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Жамбылдық полицейлер сарайдың шатырына есірткі сақтаған малшыны ұстады

780 просмотра
Фото: freepik.com

Жамбылдық полицейлер сарайдың шатырына есірткі сақтаған малшыны ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі сақтаған Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Мал шаруашылығы фермасында жұмыс істейтін ер адам қаптарға қарасора жинаған. Оны полиция қызметкерлері есірткіні орау кезінде ұстады. Тінту барысында ішінде ұнтақталған, салмағы 2 келі 888 грамм кептірілген марихуана есірткі заты бар полиэтилен пакеттер тәркіленді, сондай-ақ елек табылды. Марихуана жасыратын орын ретінде ол шаруа қожалығындағы сарайдың төбесін таңдаған.

«Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғыны шалғайдағы ауылға малшы болып жұмыс жасауға барып, мал жаю кезінде шаруа қожалығының аумағында есірткі жинаған. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық істің материалдары жақын арада сотқа жіберілетін болады», – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

26 қаңтар, 08:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.