Атырау, 23 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жетісу облысының прокурорлары міндетті төлемдерді төлеуден жалтару тәсілін анықтады

495 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату қызметін көрсететін кәсіпорынның міндетті төлемдерді төлеуден жалтару тәсілін анықтады.

Кәсіпорын 2020-2023 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына (бұдан әрі ТҚҚ) қызмет көрсеткені анықталды.

Кәсіпорынның осы кезеңдегі есебіне сәйкес, осы полигонда 24 мың тонна көлемінде ТҚҚ қабылданған.

Кәсіпорынның есептерін талдау және өзара есеп айырысуларын салыстыру барысында 41 контрагент анықталды, олар полигонға 138 мың тоннадан астам ТҚҚ тасымалдаған.

Бұл Кәсіпорынның ресми есептерінде көрсетілгеннен 114 мың тоннаға артық.

Қадағалау актісіне сәйкес Кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-бабының 1, 6-бөлігі бойынша қалдықтарды жинақтау және қоршаған ортаға эмиссиялар шығарындыларының лимиттерін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәсіпорынға 2,3 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

25 қаңтар 2024, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.