Атырау, 3 мамыр 16:43
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Үйден шығып, оралмаған: іздеуде жүргендердің статистикасы

408 просмотра

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 178 адам іздестірілуде, олардың 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі:

Алматы қаласында - 278;
Қарағанды облысында - 217;
Павлодар облысында -170;
Алматы облысында - 152 тіркелген.

Үйден кетіп, оралмаған - 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған – 73, жұмыстан кеткен - 38. 

Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жүр.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (496)
Астана қаласында (183)
Шымкент қаласында (149)
Алматы (164)
Қарағанды (148) облыстарында іздестірілуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.

25 қаңтар, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.