Атырау, 3 мамыр 18:26
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Қазақстанда энергетика және басқа да салалардағы инвестициялық жобалардың саны артады

381 просмотра
Сурет: gov.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысында энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды ҚР СІМ инвестициялар жөніндегі комитеті. 

Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында бүгінде 61 ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде ЖЭК, ЖЭО нысандарын салу, газ және гидроэлектростанцияларын іске қосу қамтылған. 2023 жылғы көрсеткіштер инвестиция тарту бойынша жолға қойылған жұмыстарды көрсететіні атап өтілді. Мемлекеттік органдарға инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейтіп, жобаларды белгіленген мерзімде пайдаланіға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ өңірлерге инвестиция тарту мәселелері көтерілді. Мәселен, 2023 жылы Жетісуда 52,8 млрд теңгеге жоспарланған 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жалпыұлттық пул аясында 10 ірі жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында қуаттылығы 50 мегаватт жел электр стансасы, өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын зауыт, мультимодальды көлік-логистикалық орталық және т. б. бар.

Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері Инвестициялық штаб отырыстарында тұрақты негізде қаралатын болады.

25 қаңтар, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.