Атырау, 25 қыркүйек 12:19
 ашықВ Атырау +13
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

​Қарағандыда еңбек мигранттарына жалған медициналық анықтама беру жолы кесілді

552 просмотра

Қарағанды облысы прокуратурасының тапсырмасы бойынша жеке медициналық ұйымның қызметі тексерілді.

Еңбек мигранттарына жұмысқа орналасу үшін 075/Е нысанындағы 700-ден астам жалған медициналық анықтама беру фактілері анықталды.

Жекелеген жағдайларда жалған анықтамалар деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдарға берілген, соңғылар кейіннен анықталып, ел аумағынан шығарылды.

Айта кету керек, медициналық орталықта медициналық тексеруден өтуді растайтын құжаттама, сондай-ақ оны жүргізуге қажетті жағдайлар болмаған.

Медициналық ұйымның заңсыз қызметі азаматтарымыздың қоғамдық денсаулығына қауіп төндірген.

Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті медициналық ұйымның кінәлі тұлғаларына қатысты әкімшілік шаралар қабылдады, ұйымның қызметін тоқтата тұру туралы нұсқама енгізілді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қылмыстық іс тіркеді, тергеу жүргізілуде.

24 қаңтар, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.