Атырау, 25 қыркүйек 12:21
 ашықВ Атырау +13
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға шықты

390 просмотра

Аустралияда теннистен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Australian Open турнирінде Әмір Омарханов ширек финалға шықты, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі. 

Әмір Омарханов ерлер арасында Қазақстан теннисшілерінен алғаш болып ¼ финалға жолдама алды. Ол үшінші айналымда әлемдік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді жеңді. Корей теннисшісі тізімде 26-орында тұрса, Омарханов – 27-орында.

Матчқа келсек, отандасымыз бірінші сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал екіншісінде Ким есе қайтарды. Үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Қорытынды есеп 6:0 болды.

Матч 1,5 сағаттан астам уақытқа созылды.

Енді Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингпен кездеседі.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі ½ финалда кортқа мықты қарсыласпен шығады. Дегенмен оны да жеңуге күші жетуге тиіс.

24 қаңтар, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.