Атырау, 25 қыркүйек 12:19
 ашықВ Атырау +13
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

​Тағы жер сілкінді: Алматыда 2 балл көрсетті

491 просмотра

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 24 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 02 сағат 38 минут 10 секундта (2024 жылғы 23 қаңтарда Гринвич уақыты бойынша 20 сағат 38 минут 10 секундта) жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3.

Магнитудасы MPV 5,5.

Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,06°. 78,51° шығыс

Тереңдігі 5 км.

Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 2 балл.

Сейсмикалық орталық тіркеген жер асты дүмпуі алматылықтарға сезілмеді

Бүгін, 24 қаңтар таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу таңғы сағат 05:50 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV магнитудасы — 5.0.

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі де таңғы 07:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 11.3. MPV магнитудасы — 4.9.

Тереңдігі — 5 шақырым.

Оны да алматылықтар сезбеді.

24 қаңтар, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.