Атырау, 25 қыркүйек 12:21
 ашықВ Атырау +13
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы тағайындалды

393 просмотра
Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысының полиция департаментінің бастығы болып Сарқытбай Құсайынов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ІІМ-де орталық аппарат қызметтері мен аумақтық департаменттердің, қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің бастықтарымен, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары басшыларының қатысуымен отырыс барысында белгілі болды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов қызметкерлерге ІІО қызметтері мен бөліністеріне тағайындалған жаңа басшылар таныстырды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметті күшейту үшін криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы болған.

ҚАЖК төрағасы лауазымына әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Ол бұрын Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарған.

«Бұрын ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болған полиция полковнигі Сарқытбай Құсайынов Жетісу облысы ПД бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

23 қаңтар, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.