Атырау, 25 қыркүйек 12:22
 ашықВ Атырау +13
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Үкімет басшысы елімізде ESG стандарттарын енгізуді сынға алды

391 просмотра
Фото: primeminister.kz 

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды көздейтін ESG стандарттарының енгізілу барысының баяу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZINFORM.

«Қоршаған ортаны қорғау бойынша озық халықаралық тәжірибе негізінде ESG стандарттарын енгізу қарқыны төмен. Әлемнің көптеген компаниялары үшін бұл стандарттар жұмыстың ажырамас бөлігіне айналған. Олар экологиялық көрсеткіштерді ғана емес, әлеуметтік, қаржылық және өндірістік көрсеткіштерді де жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ ESG стандарттары - халықаралық қаржы институттарының кредит беруі кезінде назарға алатын критерийлердің бірі», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, табиғи ресурстарды үнемдейтін және қалдықсыз технологияларды белсендірек енгізу қажет.

«Табиғатты қорғау шараларын жаппай жүргізудің маңызы зор. Компаниялар ағаш отырғызу, өзен арналарын тазарту, орман алқаптары мен далаларда қоқыс жинау науқандарын жүйелі түрде жүргізуі тиіс. Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен әкімдіктер табиғат пайдаланушылармен бірлесіп жоспарлы жұмыс жүргізу керек. Сонымен қатар экологиялық іс-шараларды практикалық тұрғыдан іске асыруға белгілі бір уақыт керек. Әрине, нәтиже бірден болмайды», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік ESG (environmental, social, governance) - стандарттары қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, жоғары әлеуметтік жауапкершілікті және корпоративтік басқаруға қойылатын сапалы талаптарды қамтиды.

23 қаңтар, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.