Атырау, 25 қыркүйек 12:24
 ашықВ Атырау +13
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде сиреналар неге жұмыс істеген жоқ – ТЖД жауабы

412 просмотра
Сурет ашық дереккөзден алынды

Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев қаладағы жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қаламызда шамамен 843 электр сирена бар, бұл 100 пайызға қамтиды. Сиреналар магнитудасы 5,5 балдан асатын тербелістерді сейсмостанциялар бекіткен кезде ғана іске қосылады. Ал 4-тен 5-ке дейінгі балл тіркелгенде сиреналарды қосудың қажеті де, мағынасы да болмады. Біздің шу шығарғымыз келмеді, менің ойымша, сирена қосылса, шу көп болар еді», - деді ТЖД басшысы.

Еске салайық, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де - 2 баллдық және 01:36-да сезілмей) болған жер сілкінісі еліміздің үш қаласы мен үш облысында сезілген.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев штабта сағат 00:20-дан бастап Жедел штабтың шұғыл кеңесін өткізді.

Белгілі болғандай, жер сілкінісі кезінде Алматыда 8 адам зардап шеккен, жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секіріп кеткен, олардың бірі ауруханада жатыр.

Сондай-ақ Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты қалалық білім басқармасы мәлімдеме жасап, 23 қаңтарда қаладағы мектептер мен колледждердің бірінші ауысымындағы сабақтар болмайтынын мәлімдеді.

Мегаполисте 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.

Соңғы ақпарат бойынша жерасты дүмпуі таңғы сағат 5.19-да Қырғызстан мен Қытай шекарасында болып, Алматыда 2 балл сезілген.

ТЖМ мәліметінше, жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 377 қоңырау келіп түскен.


23 қаңтар, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.