Атырау, 25 қыркүйек 14:22
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

​Ауыл шаруашылығы министрлігі инвесторға жобаны келісуді кешіктірді

294 просмотра
Көрнекі сурет\freepik.com

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы аясында Ақмола облысында құрама жем зауыты мен құс фабрикасын салу жобасын іске асыратын отандық инвестордың проблемасы анықталды.

Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігі заң талаптарын бұза отырып (25 жұмыс күнінің орнына) келісу мерзімін 99 күнге дейін созған.

Прокуратура актісі бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвесторға оң салалық қорытынды берілді. Жобаны іске асыру жалғасуда. 

Жалпы, прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі таңда прокурорлар инвесторлардың 89 проблемалық кейсін шешті.

Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

23 қаңтар, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.