Атырау, 25 қыркүйек 14:13
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Алматыда таңертең 2-3 балдық жерасты дүмпулері тіркелді

239 просмотра

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (ҚСМ) сейсмикалық стансалар желісі таңертең Қырғызстан мен Қытай шекарасында бірқатар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазинформ.

Алматы орталығының кезекші операторының хабарламасында айтылғандай, жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 05 сағат 19 минут 22 секундта қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде - Қырғызстан мен Қытай шекарасында орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.4. Магнитудасы - 5,8.

Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): 2-3 балл.

Келесі жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақытымен 05 сағат 56 минут 32 секундта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде - Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.3. Магнитудасы - 5.2.

Жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 06 сағат 12 минут 39 секундта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде - Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,5. Магнитудасы - 5.3.

Жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07 сағат 18 минут 38 секундта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде - Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.4. Магнитудасы - 5,5.

Жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07 сағат 52 минут 11 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,9. Магнитудасы - 4,6.

Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында қабылдау жоқ.

23 қаңтар, 08:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.