Атырау, 25 қыркүйек 14:10
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Нарықта жұмыртқа сататын делдал көбейді

426 просмотра

Өңірлік тауар нарықтарының шекарасында 34 негізгі құс фабрикасы жұмыс істейтіні белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жазды.

2022 жылы елімізде жұмыртқа өндірісінің көлемі (+4,2%), экспорт (+0,2%) оң серпін мен импорт көлемі 2,4% - ға қысқарғаны байқалған. Ал, 2023 жылы өндіріс көлемі (-2,1%), экспорт (-17%) төмендесе, импорт (+50% - ға) ұлғайған.

Сонымен қатар, импортталатын премикстердің, ветеринарлық препараттардың, орауыш материалдардың қымбаттауы 2023 жылы тауық жұмыртқасы бағасының 13% - ға өсуіне себеп болды.

2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында байқалған жұмыртқа бағасының өсу қарқынын төмендету үшін жедел шаралар кешені қабылданды. Жұмыртқа өндірушілер мен көтерме саудагерлерге 11 хабарлама жіберілді. Шымкент қ. (Шымкент құс), Алматы облысында (Сары-Бұлақ, Алсад), Қостанай (Жас-Қанат), Түркістан (Бес-қара), СҚО (Адель құс, Алекри), Ақмола (Курочка ряба) тауық жұмыртқаларын өндірушілерге қатысты 8 тергеу жүргізілді. Салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 124,8 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, жұмыртқаларды көтерме саудада өткізу нарығын тұрақты бағалық бақылау жағдайында кәсіпкер емес жеке тұлғалар арқылы құс фабрикаларының өнімді өткізу көлемінің ұлғаюы байқалады.

Сондай-ақ, сауда желілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына 15% түріндегі сауда үстемесінің белгіленген мөлшерін сақтамау фактілері анықталды. Осы фактілер бойынша тиісті материалдар Мемлекеттік кірістер комитетіне және құзыреті бойынша сауда комитетіне жіберілді.

Тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің өзге тауар нарықтарынғыдай, талдау шеңберінде негізгі назар ауыл шаруашылығы тауар өндірісін дамыту шараларына аударылады. Бұл агроөнеркәсіптік кешеннің монополиялық емес тауар нарықтарын тікелей және жанама бағалық реттеу құралдарын қысқарту, жеңілдікті кредиттеу үлесін ұлғайту, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің сауда желілері мен өзге де инфрақұрылымға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету.

22 қаңтар, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.