Атырау, 25 қыркүйек 14:15
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қазақстанда телеарналар мен радио уақытша өшіріледі

365 просмотра

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуды уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазтелерадио" АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты, осы жылдың 24 қаңтарында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген хабарламада.

22 қаңтар, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.