Атырау, 25 қыркүйек 14:15
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қазақстандық жас теннисші Australian Open жарысында тағы бір сенсация жасады

403 просмотра

Теннистен жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты, деп жазады massaget.kz.

Әмір бірінші кезеңде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған болатын. 16 жастағы отандасымыз екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.

Бірінші сетте ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты. Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6). Шешуші, үшінші сетте Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.


22 қаңтар, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.