Атырау, 25 қыркүйек 14:10
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Канвон-2024: Жасөспірімдер олимпиадасындағы тарихи алтын

582 просмотра

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Илья Мизерных — 214 ұпай (Қазақстан)

Ники Хаммл — 210,7 ұпай (Австрия)

Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай (Польша)

Илья Шильников — 124,4 ұпай (Қазақстан)

«Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын!»,- деді Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін жерлестеріміз 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.

20 қаңтар, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.