Атырау, 25 қыркүйек 14:19
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Сирия мен Израильге Қазақстаннан 139 әскери аттанады

795 просмотра

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Бүгінде бітімгершілік миссиясынан 600-ден астам әскери қызметші өткен. Соның ішінде 139 әскери Голан биіктеріндегі миссияға (Сирия-Израиль) аттанады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы куларда Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов мәлім етті. Айтуынша лагерь Фауэр деген жерде орналасады.

Олар қолбасшының айтқан бұйрықтарын орындайды. Миссия кезінде әскерилерге көмек қарастырылған. Заңға сәйкес, қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына 60 айлық жалақы көлемінде ақша төленеді. Ал Біріккен Ұлттар ұйымы 77 мың доллар (34 млн 795 мың теңге) береді. Ал жарақат алса, тиісті комиссия құрылып, қандай көмек беру керегін айқындайды. 139 әскери бірден барады, соның ішінде 7 әйел азамат бар, – деді полковник.
19 қаңтар, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.