Атырау, 25 қыркүйек 16:17
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Сот орындаушылар мүгедектердің есепшотын бұғаттады

334 просмотра

Астана қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушыларымен мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алушы 27 борышкердің банк шоттарына тыйым салынғанын анықтады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарынан тыйым салуды алып тастау қамтамасыз етіліп, 27 тұлғаның 1,2 млн. теңге қаражатқа қол жеткізуіне мүмкіндік берілді.

Қазіргі уақытта қала прокуратурасы уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруда.

18 қаңтар, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.