Атырау, 25 қыркүйек 16:25
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Медициналық бұйымдардың жеке өндірісі 15%-дан аспайды – депутат

354 просмотра
Фото: parlam.kz

Үкіметтің алдына отандық дәрі-дәрмектердің үлесін 50%-ға жеткізу міндеті қойылған, бүгінде бұл көрсеткіш 15%-дан аспайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Мәжіліс депутаты Вера Ким бұл салаға жауапты министрліктің жұмысын сынға алды.

«Өткен жылдың маусым айында N110 үшін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастырудың қабылданған ережелері кәсіпкерлер үшін бас ауруына айналды. Бұл «Фармация» СҚ бірыңғай дистрибьюторына Қазақстанда толық емес өндіріс циклі бар отандық өндірушілерді тендерге жібермеуге «жағдай жасап» отыр», - дейді депутат.

Оның айтуынша, Алматы фармацевтикалық компанияларының бірі 13 дәрі-дәрмек шығарады, оның ішінде Еуропалық компоненті бар. Алайда «Фармация» СҚ қандай да бір себептермен ұқсас өнімді үнді өндірушісінен сатып алып отыр. Бір затты сатып алу 30 миллион теңге тұрады.

«Екіншіден, ережелер бірыңғай дистрибьютормен шарт жасасу кезінде «ST-KZ» сертификатын ұсынуды талап етеді. Бірақ сертификат дайын өнімге беріледі. Ал келісімшарт жасау сатысында көбіне өнім әлі шығарылмайды. Сонда өндіруші не істеу керек?!» - дейді ол.

Сонымен қатар фармацевтикалық өндірушілер үшін тағы бір кедергі-министрліктің медициналық техникаға оффтейк-келісімшарттар жасасу жөніндегі тізбені келісуді, сондай-ақ жаңа отандық медициналық бұйымдарға шекті бағаларды бекітуді ұдайы кешіктіруі кедергі келтіріп отыр.

«Мұндай бюрократия тиімсіз ғана емес, бұл – қылмыстық әрекет. Мысалы, бекітілген бағалардың болмауына байланысты Жамбыл зауыты қатерлі ісікті ерте диагностикалаудың жедел сынақтарын өткізе алмай отыр. Өндірістік қуаттылығы жылына 15 млн өнім. Егер жұмыс істеп тұрғанда қанша адамның өмірін сақтап қалуға болады?», - дейді депутат.


17 қаңтар, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.