Атырау, 25 қыркүйек 18:21
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Самат Әбішке қатысты тергеу аяқталып, сотқа жіберілді

432 просмотра
Фото: gov.kz

Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеу қызметі Самат Әбішке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жолдады», - делінген хабарламада.

Осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билігі мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іске қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Самат Әбішке қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеген болатын.  

Еске салайық, Самат Әбіш 2022 жылдың 17 қаңтарында ҰҚК басшысының орынбасары қызметінен босатылған болатын. ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасарына қатысты тергеу барысында Самат Әбіштен куәгер ретінде жауап алынған еді. 2023 жылдың 19 қыркүйегінде Бас прокуратура Әбішке қатысты іс ашылғанын хабарлады


15 қаңтар, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.