Атырау, 25 қыркүйек 18:30
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Іздестіруде жүрген 58 қылмыскер ұсталды

902 просмотра

Бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды. Қамауға алынғандардың арасында кісі өлімі, ұрлық, қаржы жымқыру бойынша күдіккке ілінген қаскөйлер бар, деп хабарлайды 24.kz. Бұл туралы Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров мәлімдеді. 

Сондай-ақ, халық қаржысын қолды қылған қылмыскерлер де құрықталды. 

Руслан Назаров, ҚР ІІМ Криминалды полиция департаменті бастығының орынбасары 

- Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемдегін ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШСбасшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған. 

Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек республикалық криминалдық полиция хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады.

13 қаңтар, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.