Атырау, 25 қыркүйек 18:27
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды

1 054 просмотра
Фото: nuo.kz

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылы 80 жылдығына орай салтанатты түрде ашылған ескерткіші алып тасталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.

Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіш шынымен алып тасталғанын растады және ол қазір қоймада. Редакция журналисі ескерткіш алынып тасталғанына көз жеткізу үшін университет аумағына барған болатын. Алайда журналиске кіруге рұқсат берілмеген. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ескерткішке қатысты ақпаратты алдағы уақытта беруге уәде етті.

12 қаңтар, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.