Атырау, 25 қыркүйек 18:23
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Шымкентте оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

1 021 просмотра

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім дене шынықтыру сабағында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент Білім басқармасы мәліметінше, 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағында сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған.

"Мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы жедел жәрдемді шақырды. Алайда жедел медициналық жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, ол қайтыс болды. Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр", - деді Шымкент Білім басқармасының баспасөз қызметі.

12 қаңтар, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.