Атырау, 25 қыркүйек 20:13
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Шетелдіктер Қазақстанға 35,2 млн теңгеге вейп әкелуге жұмыстанды

988 просмотра

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиков пен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін ҚМА Қостанай облысы бойынша Департаменті әшкерледі, деп хабарлайды  ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Аталған тұлғалар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген.

Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған.

35,2 млн теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде, аталған тұлғаларды ҚМА Қостанайлық Департамент қызметкерлері тұтқындады.

Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді.

ҚМА ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.

11 қаңтар, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.