Атырау, 25 қыркүйек 20:18
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Сенат Жоғарғы Сот судьяларын отставкаға жіберді

475 просмотра

Сенат депутаттары Жоғарғы соттың бірнеше судьясын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысының судьяларды қызметінен босату туралы ұсынысын Жоғарғы Сот кеңесінің тТөрағасы Денис Шип оқыды.

"Сіздердің қарауыңызға Мемлекет басшысының Жоғарғы Соттың судьялары Ақылтай Ахмеджанұлы Қасымовты, Альфия Сағдуловна Савинованы, Айгүл Әнуарбекқызы Сапарованы отставкаға кетуіне байланысты, сондай-ақ Ербол Жұқатұлы Исмаиловты басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босату туралы ұсынысын енгіздік", - деді Денис Шип Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, судьялар Савинова мен Сапарова зейнеткерлік жасқа толды, судья Қасымов судья лауазымын атқарудың ең жоғары жасы – 67 жасқа толды.

Депутаттар судьяларды қызметінен босатуға бірауыздан қолдап дауыс берді.

11 қаңтар, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.