Атырау, 3 маусым 07:34
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Биыл теннистен ATP 250 турнирі Алматыда өтеді

478 рет қаралды

АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес Almaty Open 2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр, өйткені өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады.  Almaty Open тек ауқымды спорттық шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena  аумағында мерекелік көңіл-күй орнатып, ерекше күш-қуат сыйлауға жәрдемдеседі", деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов. 

ATP 250  жарысы – шынында да әлемнің 30 елінде өтетін ауқымды спорт оқиғаларының бірі. Аталмыш санатқа 40 турнир кіреді, онда жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады. Алдағы Almaty Open ATP  турнирінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.

11 қаңтар 2024, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.