Атырау, 25 қыркүйек 20:17
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Шетелде төтенше жағдайға тап болған қазақстандықтарға арналған SOS түймесі іске қосылды

420 просмотра

Түйме Qazalem веб-платформасында орнатылған, деп хабарлайды informburo.kz.

Qazalem веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған азаматтарымызға жедел көмек беру үшін SOS түймесі іске қосылды, деп хабарлады "Отандастар" қорының баспасөз қызметі. 

Түйме сайттың жоғары жағында орналасқан. Оны басқан жағдайда көмек беті ашылады.

Көмек алу үшін: 

Өзіңіз тұрған елдегі Қазақстан консулдығын таңдау;
Еліңізді және мекен-жайыңызды енгізу;
Кері байланыс үшін телефон нөміріңізді немесе электронды поштаңызды қалдыру;
Басыңызға түскен жағдайды қысқаша сипаттап жазу және "Жіберу" батырмасын басу қажет. 

10 қаңтар, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.