Атырау, 25 қыркүйек 20:24
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қазақстанда аса ауыр қылмыстар саны көбейген – Бас прокуратура

402 просмотра
фото: freepik.com

Қазақстанда былтыр қылмыс деңгейі 11%-ға, яғни 152 472-ден 140 272-ге дейін төмендеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректерін жариялады.

Атап айтқанда:

  • Ауыр қылмыстар – 14,9%- ға (44 106 - 37 548);
  • Ауырлығы орташа қылмыстар – 12,6%-ға (67 340 - 58 874);
  • Онша ауыр емес қылмыстар 4%-ға (22 741 - 21 826).

Алайда аса ауыр қылмыстар 15,7%-ға (2 241 - 2 593) өскен.

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан.

«824 адамды прокурорлар қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатты. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7%-ға қысқарды (578-ден 447-ге)», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ 97 тұлға сотта ақталып шықты.

10 қаңтар, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.