Атырау, 25 қыркүйек 20:22
 ашықВ Атырау +9
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді

421 просмотра
фото: freepik.com

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көбейді. Оның мөлшері бала туған кезде берілетін жәрдемақылар Әлеуметтік кодекстің 80-ші бабында айқындалады және ол айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2024–2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сай, 1 АЕК - 3 мың 692 теңге болып белгіленген.

Бала тууға байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі:

  •  1-3 баланың тууына бір реттік төлем 38 АЕК – 140 296 теңге;
  •  4 және одан да көп балаға 63 АЕК – 232 596 теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын жәрдемақы беріледі:

  •  жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджеттен жәрдемақы беріледі. Атап айтқанда, бірінші балаға – 5,76 АЕК, ол 21 265,92 теңге, екінші балаға – 6,81 АЕК, ол 25 142,52 теңге, үшінші балаға – 7,85 АЕК, яғни 28 982,2 теңге, 4 және одан да көп балаға – 8,90 АЕК, яғни 32 858,8 теңге;
  •  жұмыс істейтін әйелдерге, егер олар Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде төленеді;

4 баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК – 58 182,76 теңге;

  •  5 баласы бар отбасылар үшін 20,04 АЕК – 73 987,68 теңге;
  •  6 баласы бар отбасылар үшін 24,05 АЕК – 88 792,6 теңге;
  •  7 баласы бар отбасылар үшін 28,06 АЕК – 103 597,52 теңге;
  •  8 және одан да көп балалардан – әр балаға 4 АЕК.

Алты және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен марапатталады. Оларға ай сайын сәйкесінше 7,4 АЕК, яғни 27 320,8 теңге және 6,4 АЕК, яғни 23 628,8 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

10 қаңтар, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.