Атырау, 28 сәуір 13:54
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бір жылда ҰҚК 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті​

Бейнежазба
348 просмотра

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі  тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.

Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

10 қаңтар, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.