Атырау, 27 сәуір 22:30
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Француз инвесторының құқығы қорғалды

386 просмотра
Сурет: Бас прокуратура баспасөз қызметі

Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ (Task Force) бірлескен жұмысы шеңберінде 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында сутектерді өндіру жөніндегі жобаларды іске асыратын «Air Liquide» француз инвесторының проблемасы анықталды, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі. 

Аталған француз компаниясы өнеркәсіп, денсаулық сақтау және экология үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.  

Павлодар облысының салық органдары инвестордың атына 99,8 млн теңге сомасына ҚҚС және кедендік баж төлеу туралы хабарламаны заңсыз енгізген

Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуін дұрыс анықтамаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 3 күн ішінде хабарлама жойылды.

Жол берілген бұзушылық үшін Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, бүгінде прокурорлар инвесторлардың 85 проблемалық кейсін шешті.

Бұл жұмыс жалғасуда және Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

10 қаңтар, 08:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.