BNEWS.KZ. «ДСҰ іргесінде ауыл шаруашылығының бағын аша аламыз ба?» - Сарапшылар Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына 2013 жылдың соңына дейін кіруге ұмтылатынын айтады. Дәл қалай болатыны белгісіз, дегенмен былтыр Ресей, осы биылғы наурыз айында ғана Тәжікстан кірген әлемдік сауда ұйымына қатысты келіссөздердің Қазақстан үшін тықыры таянғаны белгілі.
BAQ.KZ. «Ғалым Шыңғысханның қазаққа тиесілі екендігіне ғылыми дәлел келтірді» - Ұлы қолбасшы Шыңғыс ханның өзге ұлттардан қарағанда қазақтарға жақынырақ екендігін айғақтайтын ғылыми дәлелді отандық ғалымдардың бірі келтіріп отыр. Бұл жайында Мегаполис газеті жазады.
AIKYN.KZ. «Жастар шетелде білім алуға құмар. Неге?» - Шетелде білім алсам дейтіндер көбейді. Содан келіп Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия асып жатады. Бірақ ол елдердегі оқу орындарының бәрі сапалы білім бере ме? Мәселе сонда. Дәл сол деңгейде білім беретін жоғары оқу орындары өз елімізде де жетеді.
SHYN.KZ. «Ләйлім Камел. Бас прокурор халыққа қарсы геноцид жүргізуде» - Алаяқтардың арам істеріне шектеу қоюдың орнына, өзі солардың ісіне бей-жай қарап, түк білместің күйін кешіп, қарапайым халық пен журналистерді көргенде түрпідей жиырылып, қалың мұртын жақтырмай жиыратын, еліміздің бас төрешісінің бұл қылығына біздің жиырыла қарауымыз былай тұрсын, жағамызды ұстаудың өзі аздық етті.
«Моңғолдар қазақ саясаткерді сатқын деп айыптауда» - Моңғолдың ақпарат құралдары белгілі саясаткер, Моңғолия ғана емес, осындағы бар қазаққа аты таныс Сайран Қадырды сатқын деп айыптап, түтіп-талап жатыр.
AZATTYQ.ORG. «Қырғызстан АҚШ-пен "Манас" әуежайы келісімін бұзбақ» - Қырғызстан АҚШ-пен арадағы Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайын НАТО әскеріне жүк пен керек-жарақ тасымалдайтын орталық есебінде пайдалану туралы келісімін орындаудан 2014 жылғы 1 шілдеден бастап бас тартпақ.
SERKE.ORG. «Әбенов Шаяхметовтың қамалуын түсіндіре алмады» - ҚР білім және ғылым министрлігінде бұрынғы вице-министр Саят Шаяхметовты қамауға алу фактісіне қатысты түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
ABAI.KZ. «Әміржан Қосанов. Президент мырза, мұнайшыларға рақымшылық жасаңыз!» - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Әміржан Қосановтан Ашық хат.
ALASHAINASY.KZ. «Иегінің астында не болып жатқанын елші білмеуі мүмкін бе?» - Еліміздегі кейбір елшіліктер екі елдің арасындағы дипломатиялық мүдделерден де үстін мақсаттарға қол созып, мәдени шаралар өткізіп, өз елінің әдет-ғұрпын, салт-санасын, ән мен күйін таныстыру, насихаттау мақсатында жұмыс жасап жатыр. Бірақ мұндай мақсаттар кей жағдайда діни астарға ұласып, діни экспансияға айналып бара жатқан жоқ па? Біз бүгінгі мәселенің жібін осы ойдың айналасында ұршықша иіріп, көзбен көрген бір жайт арқылы мәселе көтеріп көрсек...
HALYKSOZI.KZ. «Бопай ханым» - Заманында аузын айға білеген қарқарадай ханның сүйікті жары болуымен ғана емес, зерек зердесімен,қайраткерлік,мәмілегерлік қадір-қасиеттерімен абырой - беделі Алты Алаштан әрі асып, орыс билеушілерін, патша сарайы қызметкерлерін, ғалымдарын, тіпті, мұхит асып келген саяхатшылардың да айрықша назарын аударған Бопай ханым бейнесі зымыран ғасырлардың аумалы-төкпелі қилы кезеңдерінен кейін ұрпақ санасында көмескіленіп, ұмытыла бастайды деп кім ойлаған....
ZHASALASH.KZ. «Президент не алғыс арқалайды, не қарғысқа қалады» - Сенатшы Қуаныш Айтахановтың айтуынша, Францияда әйелдер зейнет жасына 63-те шығады. Онда орташа өмiр сүру жасы – 84 жас. Англияда бұл көрсеткiш – 60 жас, ал өмiр сүру ұзақтығы – 82 жас. Швецияда әйелдер зейнетке 61 жаста шықса, 83 жыл өмiр сүредi. ТМД елдерiнiң iшiнде Беларусь пен Ресейде бұл көрсеткiш 55 жас болса, өмiр сүру жасы – 75 жас. Қытайда әйелдер 50 жасынан зейнетке шықса, орташа өмiр сүру жасы 75 жас. Бұл – бiр. Екiншiден, “2012 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда елiмiзде жұмыссыздар саны 32 400 адамға немесе 2 есеге, өз бетiнше жұмыспен айналысатындар 7 100 адамға немесе 134 пайызға және әлеуметтiк жағынан аз қамтылған азаматтар саны 3400 адамға немесе 2,2 есеге артқан” дейдi сенатшы. Егер дәл осы заң жобасы қабылданып кетсе, жұмыссыздардың саны бұдан да артып, еселейдi. Онсыз да күйiп тұрған бұл мәселемен үкiмет қалай күреспек сонда?
«Орыстарды қуған ешкiм жоқ» - Соңғы кездерi интернет пен БАҚ беттерiнде ұлтаралық және дiнаралық мәселе жиi талқылана бастады. Бұл мақалада осы тақырыптың шығу себептерiне, түп‑төркiнiне үңiлудi мақсат еткенiм жоқ. Оған түрткi болатын жайттар жеткiлiктi екенi түсiнiктi. Саяси немесе экономикалық өмiрдегi кез келген оқиға ұлтаралық арнаға ойысып, қызу талқыға жол ашуы мүмкiн. Соңғы уақытта ұлтаралық қарым‑қатынас төңiрегiндегi пiкiрталасқа бiрден‑бiр себепшi – Кедендiк одақ және Еуразиялық одақтың құрылуы мен оның болашағы екенi анық.