Атырау, 23 желтоқсан 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

1WIN онлайн казино ісі: Lamborghini тәркіленіп, 1,5 миллиард теңге бұғатталған

742 рет қаралды
Видео кадры

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шет ел аумағында жұмыс істеген "1WIN" онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, мыңдаған отандастарымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен. Ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берді. 2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 миллиард теңге болған.

"Тергеу жалғасып жатыр, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ "Mercedes-Maybach S500" және "Lamborghini Huracan" автокөліктері тәркіленді", - делінген хабарламада.

9 қаңтар 2024, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.