Атырау, 27 сәуір 19:14
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Алматы полициясы «апатқа ұшыраған автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғалды» деген ақпаратқа түсінік берді

447 просмотра
Фото: Тengrinews.kz

Әлеуметтік желіде Алматыда апатқа ұшыраған автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жайтқа қатысты қалалық Полиция департаменті түсінік берді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұрын хабарланғандай, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушісі К.есімді азаматшадан, жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатыны айтылған.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 22 желтоқсанында №47 автобустың жүргізушісін жолаушы соққының астына алды, салдарынан автобус аялдамадағы бір топ адамды қаққан болатын. Сол жерде үш адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды.


9 қаңтар, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.