Атырау, 28 сәуір 03:25
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Майқайыңдағы апат: құтқару жұмысына жарты ғасыр шахтада еңбек еткен ардагер тартылды

489 просмотра
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың мәлімдеуінше, геосканерлеудің көмегімен автобустың болжамды орны анықталды, оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шұңқырдың түбінен шамамен 5 метрді құрайды.

Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 37 мың текше метрден астам топырақ пен тау жынысы шығарылды.

«Бүгін жедел штабтың отырысында 51 жыл кенші болып еңбек еткен, соның ішінде «Майқайың-алтын» АҚ шахталарында 42 жылдан астам жұмыс істеген ардагер Иван Борисович Терешковпен әрі қарайғы іс-қимылдар барысын талқыладық», - деп жазды Асайын Байханов желідегі парақшасында.

Сондай-ақ мамандар топырақ қабатын екінші мәрте сканерледі, оның нәтижелері бойынша іздестіру жұмыстарының барысы айқындалатын болады.

Іздестіру жұмыстарына 139 адам, 47 бірлік техника жұмылдырылған. Жоғалған адамдарды іздеу тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автоубс жер астына құлап кеткен. Автобуста төрт адам болды, олардың екеуі 4 қаңтарда түстен кейін табылды. Іздеу жұмыстарына 134 адам, 37 машина, үш кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды.

Іздеудің төртінші күні құтқарушылар Майқайың кенішінде болжам бойынша құлауы мүмкін автобустың орнын анықтады. Қазіргі кезде «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.


9 қаңтар, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.