Атырау, 25 қыркүйек 22:18
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

АҚШ-тан Қазақстанға есірткі тасымалдағандар ұсталды

417 просмотра
фото: freepik.com

Қаржылық мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталды. Одан 649 гр. кептірілген марихуана мен 676 гр. гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді.

«Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізумен және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды. Сондай-ақ, олардан 705 гр. марихуана мен 1266 гр. гашиш есірткі заттары табылып,тәркіленді. Сот үкімімен жеті кінәлі адам 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», - делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контраба арнасының және Алматы қаласының аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылды.

«Құрметті ата-аналар! Сізден балаңыздың қарайтын контентіне, оның мінез-құлқына, денсаулығына, айналасына және сатып алуларына назар аударуыңызды сұраймыз», - деді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

8 қаңтар, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.