Атырау, 25 қыркүйек 22:27
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

​Қазақстанда руль оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді әкелуге тыйым салынады

566 просмотра

Қазақстанда рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге уақытша тыйым салынды. Тиісті бұйрық "Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі стандартты бақылау банкі" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығы бойынша, Қазақстанға 6 ай мерзімге рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынған.

Ведомство мәліметінше, бұйрық "Сауда қызметін реттеу туралы" заңның 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.

  • "Қазақстан Республикасы аумағына рулі оң жақтағы бөлшектелген жеңіл автокөліктерді алты ай мерзімге әкелуге тыйым салынсын", - делінген құжатта.

    Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 16 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

  • 8 қаңтар, 10:26

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.