Атырау, 18 ақпан 16:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.99
€ 580.25
₽ 6.38

Жазушы Ғалымбек Елубай өмірден өтті

686 рет қаралды

Жазушы Ғалымбек Елубай өмірден өтті

Сурет: жазушының жеке мұрағатынан

Қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан жазушы, танымал қысқа әңгімелердің авторы Ғалымбек Елубай қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақтың Чеховы» атанған қабырғалы қаламгер Ғалымбек Елубай қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні өмірден өтті.

«Жақында ғана «Жүз жетінші көктем» кітабы жарық көрген жазушының Алаш мұрасын жинақтауда сіңірген еңбегі зор. Себебі ол 2010-2016 жылдары Шымкент қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде қызмет ете жүріп, Алаш қайраткерлерінің құнды еңбегі жарияланған «Ақ жол» газетін транскрипция жасап, 25 томдық кітаптың шығуына себепкер болды», - деп жазады жазушы туралы Аikyn басылымы.

Ғалымбек Елубай 40 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Жазушы «Бүйі қаптаған жаз», «Тумай тұрып өлімге кесілгендер», «Құралай тышқанның боғы» сияқты әңгімелерімен танымал.

8 қаңтар 2024, 08:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.