Атырау, 23 желтоқсан 03:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

739 рет қаралды

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен турнирінің (Аустралия) финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елена Рыбакина жартылай финалдық матчын чехиялық теннисші, әлемнің 40-ракеткасы Линда Носковоға қарсы өткізді.

Матч 1 сағат 3 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Рыбакина матч кезінде 8 эйсті орындап, бір қос қателік жасады. Бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Ал оның қарсыласы бір эйс пен үш қос қателік жасап, төрт брейк-пойнттың ешбірін өз есебіне жаза алмады.

Енді Елена Рыбакина финалда Беларусь теннисшілері Арина Соболенко мен Виктория Азаренко арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.


6 қаңтар 2024, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.