Атырау, 25 қыркүйек 22:16
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Шымкент тұрғыны екі адамды өлтіріп, тағы біреуін жарақаттаған

755 просмотра
Фото: otyrar.kz

Шымкентте бірқатар ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланып ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға алғашқы хабарлама 4 қаңтарда сағат 18:00 шамасында түскен.

Абай даңғылы бойында денесінде көптеген жарақаты бар 48 жастағы ер адам табылды.

Тұран аудандық полиция қызметкерлерінің шапшаң әрекеті арқасында, зардап шеккен адамды уақытында ауруханаға жатқызуға мүмкіндік туды.

4 қаңтарда 1975 жылы туған науқас N1 қалалық ауруханасына жеткізілген. Науқастың денесінде бірнеше пышақ жарақаты анықталды. Сонымен қатар мойынның алдыңғы тұсы да жараланған. Ауруханаға жеткізілген науқаста ауыр дәрежедегі жедел постгемаррагиялық анемия да анықталды.

Операциядан кейін науқас реанимация бөліміне ауыстырылды.

Шымкент денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ауыр халдегі науқасқа хаттамаға сәйкес емдеу тағайындалғанын хабарлады.

Араға уақыт салып 1 мамыр көшесінде 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.

5 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында тағы бір ер адамның мәйіті табылды.

Қорқынышты қылмысқа қатысы бар деген күдікті 5 қаңтарда Тәуке хан даңғылы бойында ұсталды.

Инсайдерлік ақпарат бойынша ол 28 жаста, жұмыссыз.


6 қаңтар, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.