Атырау, 3 маусым 08:28
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қазақстан халқының саны жарияланды

1 571 рет қаралды
Сурет: azh.kz / Нұрбейбіт Нұғыманов

Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы мәліметті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, халық саны 20 014 575 адам болған, оның 12 431 220-сы қала тұрғындары, 7 583 355-і ауыл тұрғындары.

"2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон - 8 346 адамға", - деп хабарлайды бюро.

Сондай-ақ, мәлімет бойынша, 10 240 446 әйел және 9 774,129 ер адам бар.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астанада – 5,11 пайызға, Алматыда – 2,82 пайызға және Маңғыстау облысында – 2,40 пайызға тіркелді.


5 қаңтар 2024, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.