Атырау, 25 қыркүйек 22:19
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қазақстанда құрылыс жүргізу ережелері өзгерді

885 просмотра
Сурет: inbusiness.kz

Құрылыс жүргізуді ұйымдастыру және құрылыс саласына рұқсат беру рәсімдерінен өтудің қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, нысандарды пайдалануға беру критерийлерінің бірі ретінде құрылысқа бөлінген аумақты абаттандыру мен көгалдандырудың болуы міндеттеліп отыр.

"Аталған түзетулер шеңберінде бекітілген жобаға сәйкес құрылысты монтаждау жұмыстары, объектіні инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу, объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар орындалған нысандардың (кешендердің) жай-күйі мен салынған нысандардың (кешендердің) толық әзірлігі бақыланады", – делінген өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасында.

Енді салынған объектілерді (кешендерді) пайдалану беру объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

"Нысандарды пайдалануға берудің өлшемшарттарының бірін белгілеу объектіні салуға бөлінген аумақты көгалдандырудың болуы тұрғындардың жайлылық деңгейін едәуір арттыруға, жел мен шаңды ұстап, атмосферадағы оттегінің құрамын арттыруға, шу және өндірістерден үй маңындағы кеңістікті бөлуге, ауланың келбетін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

5 қаңтар, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.