Атырау, 25 қыркүйек 22:21
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Жетісуда әскерде жүрген жас сарбаз көз жұмды

445 просмотра

Жетісу облысында әскерге аттанғанына үш ай ғана болған сарбаз көз жұмды. Қыркүйек айында ғана әскерге шақырылған Әмір Байтұрғанов өз өмірін елге қызмет етуге арнамақ болған екен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі.

Әмір үнемі спортпен айналысатын мықты жігіт болған. 2023 жылдың 21 желтоқсанында оның отбасына жағымсыз хабар жеткен - Әмір комаға түсіп қалған. Ал сағат 6:20-да жас жігіт қайтыс болған.

Белгілі болғандай бірер күн бұрын жауынгерлік жаттығулардан кейін Әмір өзін нашар сезініп, жоғары температурамен дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер ыстығын уақытша түсіре алған көрінеді.

Қорғаныс министрлігі Бас әскери-медициналық басқарма басшысының орынбасары Берік Ільясов сарбаздың өліміне жіті инфекциялық менингит себеп болуы мүмкін дейді.

Бірақ туыстары өлімнің бұл нұсқасына сенбейді. Олардың айтуларынша, ұлы ұзақ уақыт бойы бүйрегі ауыратынына шағымданып келген.

«Бұған дейін ол бүйрек ауруы бойынша медициналық бөлімшеге бірнеше рет жүгінген. 28 қарашада ол бөлімшенің медициналық қызметінің басшысына УДЗ жасату үшін хабарласқан. Тек 6 желтоқсанда қалаға барып, УДЗ-ге түсіп, екі жақты пиелонефрит деген диагноз қойды. Медициналық бөлімшеге сол күні түскенімен 3 күн ғана емделді», - деді Мұрат Байтарғанов.

Туыстары өлімге ұзаққа созылған пиелонефрит себеп болды деп есептеп, қайғылы оқиғаның әділ зерттелуіне үміттенеді. Қорғаныс министрлігі бүйрек ауруы мен өлім арасындағы байланысты жоққа шығарады

5 қаңтар, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.