Атырау, 25 қыркүйек 22:21
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Павлодар облысында автобуспен бірге жер астына құлаған адамдар әлі іздестіріліп жатыр

414 просмотра
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

«Майкаинзолото» АҚ аумағында автобуспен бірге жер астына құлаған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында әлі де топырақ сырғып жылжуы болып жатыр. Опырылу шегі тұрақсыз. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев келді. Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары қосылды. Оқиға орнында ТЖМ, полиция, КӘАҚҚ РОШ, «103» қызметі бөлімшелерінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан барлығы 116  адам мен 23 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайың алтыны» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлаған болатын. Алдын ала  болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы – 150-200 м, ені – 500 м, тереңдігі –150 м.

Кеше, 4 қаңтар күні қаза тапқан екі адамның денесі табылды. Қалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


5 қаңтар, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.