Атырау, 26 қыркүйек 00:28
 ашықВ Атырау +15
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

40 пайыз пайда алуға уәде берген: "Свой дом" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

361 просмотра
фото: freepik.com

ҚМА-ның Шымкент бойынша департаменті "Свой дом" қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша соталды тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.

"Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40 пайыз пайда алуға уәде берді.

Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңге болады", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз".

4 қаңтар, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.