Атырау, 26 қыркүйек 00:22
 ашықВ Атырау +15
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Боран, тұман және көктайғақ: Қазақстанда ауа райы қандай болады?

498 просмотра
Сурет: azh.kz / Елена Сүндетова

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 қаңтарда елдің 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 18 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, ал түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с болады.


4 қаңтар, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.