Атырау, 26 қыркүйек 00:29
 ашықВ Атырау +15
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтады

607 просмотра
Фото: opennews.kz

Қадірлі достар!

Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жылды жұртшылық асыға күтеді. Бұл – жақсылыққа толы жайдары уақыт. Өткенді қорытындылап, келешекке жоспар құратын межелі кезең.

Өтіп бара жатқан жыл мемлекетімізді елеулі жетістіктерге, тың бастамаларға жетеледі. Маңызды оқиғаларға толы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған ауқымды реформалар табысты іске асып, жаңа экономикалық саясатқа ұласты.

Мәжіліс депутаттары да ел игілігіне, халықтың мүддесіне қызмет ететін заңдар қабылдады. Бұл жұмыс келер жылы да жалғасын табады.

Алдағы жыл барлық тілектер орындалатын, үміттер ақталатын берекелі белес болады деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін!

Жаңа жыл жаңа табыс әкелсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1 қаңтар, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.