Атырау, 26 қыркүйек 00:19
 ашықВ Атырау +15
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Геннадий Головкин карьерасын аяқтады

917 просмотра

Белгілі менеджер әрі инсайдер Рик Глейзер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) болашағы туралы сөз қозғады. Ол GGG мансабын үнсіз аяқтады деп есептейді, деп хабарлайды Vesti.kz.  

"GGG 16 ай бұрын "Канелоға" жеңілгеннен бері жекпе-жек өткізген жоқ. Сондай-ақ өз еркімен барлық әлемдік титулдарынан бас тартты. Бірнеше тиімді ұсыныстар келгенімен шаршы алаңға шықпады. Ол  сәуірде 42 жасқа толады. Геннадий кәсіпқой бокстан біржолата кеткен секілді. Бірақ әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ. Оның артында үлкен мұра қалды", - деп жазды Глейзер Twitter-дегі аккаунтында.

Еске салайық, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізіп, Сауль Альвареспен (60-2-2, 39 КО) трилогияда төрешілердің шешімінен жеңілген еді.

31 желтоқсан 2023, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.