Атырау, 26 қыркүйек 00:22
 ашықВ Атырау +15
$ 478.16
€ 534.92
₽ 5.18

Ақтауда 30 аққу неден өлгені айтылды

684 просмотра

Маңғыстау облысының экология департаменті өкілдері таяуда табылған 30 аққу неден өлгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, судың іріктелген сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткені анықталмады.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары өз кезегінде тест өткізді. Нәтижелер оң болды және құс тұмауы вирусы болғаны расталды.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Ақтауда Қаракөл маңында 30 сыбырлақ аққу өлі табылған болатын.

Қарақия-Қаракөл табиғи қорығының инспекторлары көлдің жағасында 21 желтоқсанда күзет жұмыстарын жүргізу барысында отыз бас аққу өлі жатқанын анықтаған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына баяндалды.

Құстардың неден өлгенін анықтау мақсатында сынамалар алынған еді.

30 желтоқсан 2023, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.